2025 жылдың 10 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

2025 жылдың 10 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2025 жылдың 10 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1337 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7% - ға артық                   (1253 хабарлама), 554 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22% - ға артық (453 хабарлама).

Басқармаға 2025 жылдың 10 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1307 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 650 (50%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 657 (50%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 13% - ға аз (1502 акт, 602(40%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 900 бас тартылды (60%).

2025 жылдың 10 айында Басқарма 67 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2025 жылдың 10 айында заңнаманы бұзғаны үшін 127 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 24 іс (14 351 800 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 5 іс (3 538 800 теңге. 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 5 іс (389 166 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 21 іс (7  372 144 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 12 іс (7 251 824 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (5 898 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 6 іс (2 748 468 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 3 іс (41 286 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 1 іс (589 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 20 іс (5 348 680 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 6 іс (1 258 240 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 7 іс (589 800 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (412 860теңге, 462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 11 іс (631 086теңге, 463-бап);

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 50 421 954 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 41 614 274  теңге салды (өндіріп алу 31 682 042 теңге немесе 76% құрайды, қалған 24% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі),  сот 8 807 680 теңге салды.

2025 жылдың 10 айында 657 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 454 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31% - ға аз (660 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 194 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8% - ға аз (212 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктің жобаларын басқару бойынша 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 125% - ға артық (4 мемлекеттік қызмет).