2025 жылдың 9 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

2025 жылдың 9 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2025 жылдың 9 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1246 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20% - ға артық                   (1039 хабарлама), 502 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12% - ға артық (449 хабарлама).

Басқармаға 2025 жылдың 9 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1116 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 534(48%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 582 (52%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 19% - ға аз (1378 акт, 536(39%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 842 бас тартылды (61%).

2025 жылдың 9 айында Басқарма 68 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2025 жылдың 9 айында заңнаманы бұзғаны үшін 113 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 19 іс (11 992 600 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (3 145  600 теңге. 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 4 іс (389 166 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 20 іс (7 136 224 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 11 іс (5 773 392 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (5 898 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 6 іс (2 748 468 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (41 286 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 1 іс (589 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 17 іс (4 483 040 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 6 іс (1 258 240 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 6 іс (471 840 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (412 860теңге, 462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 10 іс (631 086теңге, 463-бап);

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 44 971 602 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 36 163 922  теңге салды (өндіріп алу 25 864 666теңге немесе 72% құрайды, қалған 28% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі),  сот 8 807 680 теңге салды.

2025 жылдың 9 айында 607 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 425 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29% - ға аз (602 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 175 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% - ға аз (194 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктің жобаларын басқару бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 71% - ға артық (2 мемлекеттік қызмет).