12 қыркүйекте «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»атты Жолдауын талқылау бойынша мәжіліс өтті.
Басқарма басшысы А.Р. Смагулов сөз сөйледі, ол Президенттің жыл сайынғы Жолдауы – Қазақстанның даму стратегиясын айқындайтын маңызды саяси құжат екенін атап өтті.Барлық айтылған бастамалар өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Ерекше назар тұрғын үй құрылысы саласына жасанды интеллектті енгізу мәселесіне, сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамадағы болатын өзгерістерге аса назар аударылды.
Басқарма қызметкерлері Президент курсына толық қолдау білдіріп, қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.