2025 жылдың 8 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

2025 жылдың 8 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2025 жылдың 8 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1108 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26% - ға артық                   (882 хабарлама), 437 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13% - ға артық (987 хабарлама).

Басқармаға 2025 жылдың 8 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 988 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 480 (48%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 518 (52%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 18% - ға аз (1199 акт, 471 (39%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 728 бас тартылды (61%).

2025 жылдың 8 айында Басқарма 48 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2025 жылдың 8 айында заңнаманы бұзғаны үшін 97 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 15 іс (9 830 000 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (3 145  600 теңге. 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 4 іс (338 050 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 18 іс (6 035 264 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 376 144 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (5 898 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 5 іс (2 182 260 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (41 286 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 1 іс (589 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 16 іс (3 853 920 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 5 іс (1 199 260 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 6 іс (471 840 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (412 860 теңге, 462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 10 іс (631 086 теңге, 463-бап);

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 37 005 370 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 30 415 338 теңге салды (өндіріп алу 21 835 774 теңге немесе 72% құрайды, қалған 28% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі),  сот 6 590 032 теңге салды.

2025 жылдың 8 айында 545  мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 380 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% - ға аз (533 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 153 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2% - ға аз (182 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктің жобаларын басқару бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 66% - ға артық (2 мемлекеттік қызмет).