2025 жылдың 7 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

2025 жылдың 7 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2025 жылдың 7 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 974 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% - ға артық                   (768 хабарлама), 406 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8% - ға артық (375 хабарлама).

Басқармаға 2025 жылдың 7 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 856 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 401 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 455 (53%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 21% - ға аз (1080 акт, 438 (41%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 692 бас тартылды (64%).

2025 жылдың 7 айында Басқарма 43 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2025 жылдың 7 айында заңнаманы бұзғаны үшін 84 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 10 іс (7 077 600 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (3 145  600 теңге. 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 3 іс (239 750 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 18 іс (6 035 264 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 2 іс (1 172 952 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (5 898 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 4 іс (1 946 340 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (41 286 теңге, 319-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 15 іс (3 775 280 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 5 іс (1 199 260 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 5 іс (412 860 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (412 860 теңге, 462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 10 іс (631 086 теңге, 463-бап);

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 31 988 138 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 25 398 106 теңге салды (өндіріп алу 19 751 814 теңге немесе 78% құрайды, қалған 22% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі),  сот 6 590 032 теңге салды.

2025 жылдың 7 айында 497  мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 345 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% - ға аз (471 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 146 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% - ға аз (161 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктің жобаларын басқару бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 66% - ға артық (2 мемлекеттік қызмет).