Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2025 жылдың 6 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 845 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37% - ға артық (615 хабарлама), 352 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30% - ға артық (271 хабарлама).
Басқармаға 2025 жылдың 6 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 709 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 323 (46%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 386 (54%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 27% - ға аз (973 акт, 391 (40%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 582 бас тартылды (60%).
2025 жылдың 6 айында Басқарма 35 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2025 жылдың 6 айында заңнаманы бұзғаны үшін 69 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 3 іс (3 538 800 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (3 145 600 теңге. 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 1 іс (92 300 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 18 іс (6 035 264 теңге, 316-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 3 іс (4 915 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 2 іс (1 277 900 теңге, 318-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (41 286 теңге, 319-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 15 іс (3 775 280 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 5 іс (1 199 260 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 4 іс (314 560 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (393 200 теңге, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 10 іс (394 566 теңге, 463-бап);
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 25 123 616 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 18 789 164 теңге салды (өндіріп алу 14 414 124 теңге немесе 77% құрайды, қалған 23% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі), сот 6 334 454 теңге салды.
2025 жылдың 6 айында 433 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 300 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29% - ға аз (420 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 127 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13% - ға аз (146 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктің жобаларын басқару бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 66% - ға артық (2 мемлекеттік қызмет).