Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ТЖ жөніндегі облыстық департаментінің, Қарағанды облысы прокуратурасының өкілдерімен, сондай-ақ Қарағанды облысының құрылыс фирмаларының құрылыс салушыларымен бірлесіп «Қауіпсіз терезе» акциясының аясында 16.06.2025ж. кеңес өткізді.
Кездесуде құрылыс салушыларға балаларды терезеден құлап кетуден қорғауға бағытталған қолданыстағы заңнаманың нормативтері түсіндірілді.
Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес - Құрылысжайларды жобалау кезінде терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуі ескеріле отырып, өмiрлiк циклдiң барлық сатыларындағы, оның iшiнде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде көзделетiн бұзушылықтар және рұқсат етiлмейтiн құрылыс кезiндегi адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетiн барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендiрiлуге және ескерiлуге тиiс және Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде құрылыс салушы терезелердің қауіпсіздік құлыптарымен және (немесе) механизмдерімен қамтамасыз етілуін ескере отырып, жобалық құжаттамада белгiленген қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және ғимарат құрылысын жүргiзудiң түрлi сатыларында олардың орындалуына бақылау мен қадағалау жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бұдан басқа, МЕМСТ 23166-2024 «Терезе және балкон блоктары жалпы техникалық шарттар» мемлекетаралық стандартының 6.2.1-тармағында - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құлыптар, оның топсалы күйде жұмыс істеуіне жол бермейтін қақпақтың бұралмалы ашылуын бұғаттауға арналған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құлыптар кілтке құлыптауды (құлыптау механизмі болуы керек) немесе құлыптау механизмін қолданбай арнайы кілттің (тұтқаның) көмегімен құлыптауды қарастыруы керектігі көзделген.
Құрылыс субъектілеріне Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада белгіленген, оның субъектілері жол берген нормалар мен талаптардың (шарттардың, қағидалардың, шектеулердің) бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз.