Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2025 жылдың 5 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 697 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 44% - ға артық (484 хабарлама), 276 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33% - ға артық (207 хабарлама).
Басқармаға 2025 жылдың 5 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 582 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 274 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 308 (53%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 33% - ға аз (867 акт, 356 (41%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 511 бас тартылды (59%).
2025 жылдың 5 айында Басқарма 31 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2025 жылдың 5 айында заңнаманы бұзғаны үшін 64 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 3 іс (3 538 800 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (3 145 600 теңге. 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 1 іс (92 300 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 16 іс (5 484 784 теңге, 316-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2 іс (1 966 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 2 іс (1 277 900 теңге, 318-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (41 286 теңге, 319-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 14 іс (3 696 640 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 5 іс (1 199 260 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 4 іс (314 560 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (393 200 теңге, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 9 іс (395 166 теңге, 463-бап);
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 21 545 498 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 15 211 044 теңге салды (өндіріп алу 12 833 400 теңге немесе 8% құрайды, қалған 16% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі), сот 6 334 454 теңге салды.
2025 жылдың 5 айында 357 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 252 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 330% - ға аз (360 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 101 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13% - ға аз (125 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша аккредиттеу туралы куәлік берілмеді.