Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2025 жылдың 4 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 557 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 59% - ға артық (349 хабарлама), 176 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% - ға артық (126 хабарлама).
Басқармаға 2025 жылдың 4 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 453 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 213 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 240 (53%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 37% - ға аз (718 акт, 308 (43%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 410 бас тартылды (57%).
2025 жылдың 4 айында Басқарма 25 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2025 жылдың 4 айында заңнаманы бұзғаны үшін 55 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 3 іс (1 966 000 теңге. 312-бап);
- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 4 іс (3 145 600 теңге. 314-бап);
- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 1 іс (92 300 теңге, 315-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 14 іс (4 953 504 теңге, 316-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2 іс (983 000 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 2 іс (1 277 900 теңге, 318-бап);
- жерсіз заңсыз құрылыс, 2 іс (41 286 теңге, 319-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 13 іс (3 618 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 4 іс (294 900 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 3 іс (294 900 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (393 200 теңге, 462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 7 іс (336 186 теңге, 463-бап);
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 18 301 136 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 13 598 464 теңге салды (өндіріп алу 10 080 600 теңге немесе 74% құрайды, қалған 26% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі), сот 4 702 672 теңге салды.
2025 жылдың 4 айында 288 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 212 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% - ға аз (291 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 76 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25% - ға аз (102 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша аккредиттеу туралы куәлік берілмеді.