Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру Қағидаларына және "Электр энергетикасы туралы", "Жылу энергетикасы туралы" ҚР заңдарына сәйкес 2026 жылғы қаңтар-сәуір мен 2026 жылғы қазан-желтоқсан аралығында жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидия беруге энергия өндіруші ұйымдардан өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні – 2025 жылғы 15 мамыр.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні – 2025 жылғы 15 маусым.
Өтінімдер Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34, 418 каб. қабылданады. Анықтама телефоны: 8 (7212) 56-23-30.