«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (бұдан әрі – басқарма) басшысының 2026 жылғы 08 мамырдағы №28 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 19 маусымда сағат 16.00-де Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған қызметкерлер лауазымдарының тізілімі және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-құқықтық актілер қаралды.
Талдау барысында басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Анықталған тәуекелдер негізінде осы бұзушылықтарды жою бойынша жоспар әзірленді және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жыл соңына дейін жүргізілетін болады.
Жария талқылау барысында басқарма басшылығы жұмыста Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін қандай да бір бұзушылықтарға жол бермеу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс басқарма басшылығының тұрақты бақылауында.