Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 18 мамыр мен 27 маусым аралығында «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ және «Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуі жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметінде сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда, 8 (7212) 569004 телефоны бойынша немесе t.dosaev@karaganda-region.gov.kz электрондық мекенжайға хабарласуды ұсынамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті болып табылады.

Әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенділік танытуға және жеке үлес қосуға шақырамыз.