Есептік күнге екі қала – Қарағанды және Теміртау бойынша салынған газ тарату желілері 16 489 жеке тұрғын үйге дейін жеткізілді (Қарағанды қ. – 9 949 үй, Теміртау қ. – 6 540 үй).
Бүгінгі таңда жеке тұлғаларға 9 921 техникалық шарт берілді (Қарағанды қ. – 7 047, Теміртау қ. – 2 874).
Газбен жабдықтауға 7 293 үй қосылды (Қарағанды қ. – 5 065 үй, Теміртау қ. – 2 228 үй), бұл газ желілері жеткізілген 16 489 үйдің 44,2%-ын құрайды.
Қарағанды қаласы бойынша Қарағанды қаласын газдандыру 16 іске қосу кешенін және 4 кезекті қамтиды.
Бүгінгі таңда I кезектің 1–5 іске қосу кешендері пайдалануға берілді
(1-ші іске қосу кешені, I кезек: газ құбыры төселді – 64,36 км, 1 584 үйге газ жеткізілді, көшелер саны – 66;
2-ші іске қосу кешені, I кезек: жоба бойынша үйлер саны – 2 377, газ құбырының жобалық ұзындығы – 75,58 км, көшелер саны – 56;
3-ші іске қосу кешені, I кезек: газ құбырының жобалық ұзындығы – 67,83 км, жоба бойынша үйлер саны – 2 155, көшелер саны – 50;
4-ші іске қосу кешені, I кезек: газ құбырының жобалық ұзындығы – 62 км, жоба бойынша үйлер саны – 1 356;
5-ші іске қосу кешені, I кезек: газ құбырының жобалық ұзындығы – 109 км, жоба бойынша үйлер саны – 2 477).
Қазіргі уақытта I кезектің 6-шы іске қосу кешенін салу жобасын іске асыру, сондай-ақ I кезектің 7-ші іске қосу кешенінің және 1-ші мен 2-ші іске қосу кешендерінің II кезегінің құрылысын бастау жоспарлануда.
Теміртау қаласы бойынша Теміртау қаласын газдандыру 8 іске қосу кешенін және 3 құрылыс кезегін қамтиды.
Бүгінгі таңда пайдалануға берілгендер: I кезектің 1-ші, 2-ші және 4-ші іске қосу кешендері, сондай-ақ II және III кезектер.
I кезек:
1 ПК – 572 үй газға қол жеткізді, 390 үй қосылды (68,2%), 2021 ж. енгізілді;
2 ПК – 1 099 үй газға қол жеткізді, 796 үй қосылды (72,4%), 2021 ж. енгізілді;
3 ПК – 909 үй, нысан пайдалануға берілмеген, сот процесі жүргізілуде;
4 ПК – 1 135 үй, 21 км желі салынды.
II кезек:
1 ПК – 445 үй газға қол жеткізді, 97 үй қосылды (21,8%), 2024 ж. желтоқсан;
2 ПК – 1 397 үй газға қол жеткізді, 705 үй қосылды (50,5%), 2024 ж. желтоқсан.
III кезек:
1 ПК – 378 үй, 24,5 км желі салынды;
2 ПК – 605 үй, 22 км желі салынды.
Теміртау қаласы бойынша жоба толық көлемде аяқталды.
Шахтинск қаласы бойынша Шахтинск қаласын газдандыру 2023 жылы басталды. Жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) сәйкес құрылыс 3 іске қосу кешені шеңберінде жүзеге асырылуда. 229,22 км газ тарату желілерін салу және 2 480 үйге газ жеткізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда «Шахтинск» АГРС-ін және жоғары қысымды газ құбырын (ұзындығы – 18 км, диаметрі – 530 мм) салу жұмыстары, сондай-ақ «Солтүстік-Батыс» шағынауданындағы жұмыстар аяқталды (16,5 км газ құбыры төселді, 405 шығу тораптары орнатылды). Сонымен қатар Шахтинск қаласының ішкі кварталдық газ желілерінің құрылысы басталды (35,5 км газ құбыры, 880 газ кірмесі орнатылды).
2024 жылы екі жоба бойынша оң қорытынды алынды. «Қарағанды облысы «Сейфуллин» АГТС, «Ақсу-Аюлы» АГТС газ құбыры-бұруды, Ақсу-Аюлы кентінің, Еркіндік ауылының, Успенка ауылының, Сәкен Сейфуллин ауылының газбен жабдықтау желілері салу» жобасы 4 елді мекенді немесе шамамен 9,2 мың адамды газбен қамтамасыз етуді көздейді.
«Қарағанды облысы Ақтау к. және Мустафина к. жеткізуші газ құбыры мен газбен жабдықтау желілерін салу» жобасы екі елді мекенді немесе шамамен 7 мың адамды газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Энергетика басқармасы «Сарань қаласы, Ақтас кенті, Дубовка кентінің газ тарату желілерін салу» жобасын үш бөлек жобаға бөлу арқылы түзетуде.
Бұдан бөлек, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын газдандыру жобасы экономикалық аймақ қатысушыларының қаражаты есебінен әзірленуде.