«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған өңірлік форумға қатысты.
14 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Смышляева Е.В. Қарағанды қаласына жұмыс сапары аясында аталған заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуге Приозерск, Балқаш және Қарағанды қалаларының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Қазорталық ТҚШ» АҚ-ның өкілдері, мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ), пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК), басқарушы компаниялардың төрағалары, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында заңға сәйкес әзірленетін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары және тұрғындар тарапынан ұсыныстар талқыланды.
Белсенді қауымдастықтар мен тұрғындар ерекше назар аударған мәселелер: минималды тариф, көтерме коэффициентті қолдану қағидалары; шығындар мен жұмсалатын қаражаттың сметалық әдістемесіне сәйкес қызмет көрсету мерзімділігін өзгерту,және басқарушы компаниялармен, МИБ және ПИК-пен шарт жасасу кезінде бірыңғай есеп айырысу орталықтарының жұмысында бірыңғай тәсілдерді енгізу арқылы пайдалану шығындары бойынша түбіртектерді ұсыну.