Қарағанды облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1 154,2 км (екі құбырлы есептеуде). Жыл сайын жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады.
- 2024 жылы бюджет қаражаты есебінен 13 жоба іске асырылып, 29,7 км жылу желілерін салу және қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.
Қарағанды қаласы бойынша:
- Қарағанды қаласының тұрғын аудандарын жылумен қамтамасыз ететін магистральдық желілердің құрылысы (ЖЭО-3-тан жылу трассалары, ұзындығы – 22 км).
- Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы. М10 жылу магистралін пав.10.1-ден пав.10.2-ге дейін қайта жаңарту.
- Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы. «Байланыстырушы» жылу магистралін ОН3-тен ТП1-ге дейін қайта жаңарту.
- Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы. ЖЭО-3-тен ЦТРП-1-ге дейінгі 1-кезең жылу магистралін қайта жаңарту.
- Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, «Оазис» шағынауданы. «Оазис» шағынауданына дейінгі жылу желілері, насос станциясы және орталық жылу пунктін (ОЖП) салу.
Балқаш қаласы бойынша:
- Балқаш қаласындағы №1 және №2 жылу желілерін қайта жаңарту.
- Балқаш қаласына қарасты Саяқ кентінің жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту.
Саран қаласы бойынша:
- Саран қаласында тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жер асты төсеу әдісімен жүргізілген жылу желілеріне қосу.
- Саран қаласындағы қазандық құрылысы (аяқталмаған құрылыс).
Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 6 жобаны іске асыру жоспарланған.
Осы жобалар аясында 3,2 км жылу желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.
Қолдау тапқан жобалар:
- Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы. «Байланыстырушы» жылу магистралін ОН3-тен ТП1-ге дейін қайта жаңарту – 1 837 383 мың теңге.
- Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы. ЖЭО-3-тен ЦТРП-1-ге дейінгі 1-кезең жылу магистралін қайта жаңарту.
- «Ушинский көшесі мен Мир даңғылы бойынша, Строительдер даңғылынан ТК18-ге дейін (Мир даңғылы – Металлургтер даңғылы) жылу желілерін қайта жаңарту».
- «Теміртау қаласы, Строительдер даңғылы бойымен Республика даңғылынан Ушинский көшесі бойындағы насос станциясына дейін жылу желілерін қайта жаңарту».
- Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кентіндегі қазандық құрылысы.
- Балқаш қаласындағы №1 және №2 жылу желілерін қайта жаңарту.