Газдандыру

Газдандыру

Қарағанды облысында 2020 жылдан бастап газдандыру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда газдандыру Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларында жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Қарағанды және Теміртау қалаларында газ тарату желілері 9 589 жеке тұрғын үйге жеткізілді (Қарағанды – 6 076 үй, Теміртау – 3 513 үй). Оның ішінде 6 607 үйге техникалық шарттар берілді (Қарағанды – 4 417, Теміртау – 2 190), ал 5 210 үй газға қосылды (Қарағанды – 3 550 үй, Теміртау – 1 660 үй). (54,3 %)

Қарағанды қаласының газдандыру жобасы 4 кезектен, 16 іске қосу кешенінен тұрады. 2023 жылы 1, 2, 3 іске қосу кешендерінің құрылысы аяқталып, 207,77 км газ тарату желілері салынды және 6 076 үйге жеткізілді.

2024 жылы 1 кезектің 4,5 іске қосу кешенін газдандыру жұмыстары басталды және жыл соңына дейін негізгі жұмыстар аяқталады.

2024 жылға бөлінген қаражат толық игерілді. Ағымдағы жылға жобаны жалғастыру үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған.

Теміртау қаласының газдандыру жобасы 3 кезектен, 8 іске қосу кешенінен тұрады. 2022 жылы 1 және 2 іске қосу кешендерінің құрылысы аяқталып, 58,77 км желі салынды. 2024 жылы II кезеңнің 1 және 2 іске қосу кешендері аяқталып, 3 513 үйге газ жеткізілді.

Жалпы алғанда 215,29 км желі салынып, 6 357 үй газбен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған. 2024 жылы I кезеңнің 4 кешені мен III кезеңнің 1 және 2 кешендері басталды, олар 2025 жылы аяқталады.

Ағымдағы жылға дейін қаланың  негізгі бөлігі газдандырылды, биыл жобаны аяқтау көзделуде.

Шахтинск қаласын газдандыру 2023 жылы басталды. Жоба 3 іске қосу кешенінен тұрады, 229,22 км желі салынып, 1 434 үйге газ жеткізіледі деп жоспарланған.

2024 жылы Шахтинск АГРС және жоғары қысымды газ құбырының құрылысы аяқталды.

2025 жылы Солтүстік-Батыс ауылында жұмыстар жалғасады және Шахтинск қаласының ішкі орам желілері бойынша жұмыстар басталады.

 

2024 жылы екі жоба бойынша оң қорытынды алынды:

  • Сәкен Сейфуллин, Еркіндік, Успенка және Ақсу-Аюлы елді мекендеріне газ жеткізу жобасы.
  • Ақтау және Мұстафина елді мекендерін газдандыру жобасы.

Аталған жобалар республикалық бюджетке ұсынылды және олардың мақсаты – аталған елді мекендердің халқын газбен қамтамасыз ету.