11 сәуір күні «Жақтау» металлургтер кәсіподағының алаңында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың кәсіподақ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

11 сәуір күні «Жақтау» металлургтер кәсіподағының алаңында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың кәсіподақ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

11 сәуір күні «Жақтау» металлургтер кәсіподағының алаңында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың кәсіподақ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еңбек қауіпсіздігі саласының сарапшылары, сондай-ақ  «Уақыт» қоғамдық бірлестігінің (ауыр және қауіпті өндірісте денсаулығынан айрылған мүгедек-регресшілер бірлестігі)  мүшелері қатысты.

Кездесу барысында өндірістік сала қызметкерлерінің өзекті әлеуметтік және еңбек мәселелері талқыланып, арнайы әлеуметтік төлемдер тізбесін өзектендіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру мақсатында мүгедектігң бар регресшілерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша есептеулер жүргізу тапсырылды.