Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Еркебекова Саягүл Қарағанды облыстық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы мен облыстық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастырған семинар-кеңесіне қатысты.
Семинар барысында Саягүл Еркебекова еңбек қатынастарын реттейтін және білім саласы қызметкерлеріне қосымша кепілдіктер беретін ұжымдық шарттардың маңыздылығы туралы айтып өтті.
Қатысушылар мұндай кездесулердің білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруда, сондай-ақ кәсіподақтар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
Осындай іс-шаралар еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді ашық әрі тиімді шешуге және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.