Департаменттің жұмыс уақытының регламенті

Департаменттің жұмыс уақытының регламенті

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексінің 40-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы
2 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жұмыс уақытының регламенті өзгеретіні туралы хабардар етеміз.

Департаментте, жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат болған жағдайда, жұмыс күні 08:30-дан 17:30-ға дейін белгіленген. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!