2024 жылғы 29 қазанда Қарағанды қаласында салынып жатқан «Медина» ТК көппәтерлі тұрғын үй объектісінің құрылыс алаңында мердігер ұйымның қызметкерлері бірінші блоктың лифт шахтасында лифт жабдығының бағыттаушы қаңқасын монтаждау кезінде адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға орын алғаны белгілі.
Лифт жабдығын монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өліммен аяқталған осы топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін құрылған арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын, техникалық құжаттаманы зерделеп, оқиға болған жерді қарап, куәгерлерден сұрастырып, сондай-ақ сараптама ұйымының қорытындысы, нормативтік құжаттар және басқа да материалдар негізінде жұмыс берушінің 100% кінәсін анықтады. Жазатайым оқиғаның себебі биіктік жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамау болды.
Жазатайым оқиғаны арнайы тексерудің қорытындысы бойынша комиссия орындауға міндетті осындай жазатайым оқиғаларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірледі.
Топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу материалдары қылмыстық іс шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.