Еңбек құқықтарының кепілдігі – қоғамның тұрақтылығының кепілі!

Еңбек құқықтарының кепілдігі – қоғамның тұрақтылығының кепілі!

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы өзара қарым-қатынас, тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.        

         Еңбек қатынастары тараптарының мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге қол жеткізуге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі міндеті болып табылады.

          Өткен жылы басқармаға азаматтардың 3637 (2021 жылы – 4434) өтініштері келіп түсті, онда еңбек заңнамасын бұзу фактілері қаралды. Осы өтініштердің негізінде өңіріміздің кәсіпорындарында 718 тексеру жүргізілді, сондай-ақ 2022 жылы облыстың 9 кәсіпорнында профилактикалық бақылау жүргізілді.

Анықтама:

Сәтпаев қаласындағы - Жолаушылар автокөлік кәсіпорны «Tranco Express» ЖШС филиалы, «Tranco Balkhash (Транко Балхаш)» ЖШС, «Tranco Jezz (Транко Жезз)» ЖШС,   «Карцемент» АҚ, «Строймет» ЖШС, «Nova Цинк" ЖШС,   «Жайремский ГОК» АҚ, «Шұбаркөл Көмір» ЖШС, «Ремэкология» ЖШС.

 

Жоғарыда аталған тексерулердің қорытындысы бойынша 509 бұзушылық анықталды және жойылды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 408, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 99 және халықты жұмыспен қамту бойынша 2.

 Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 93 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жұмыс берушілерге жалақыны кешіктіру және төлемеу бойынша 46 әкімшілік жаза қолданылды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20,2 млн.теңгені құрады.

 Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарының бірі, әрбір қызметкердің уақтылы және толық көлемде төленетін жалақыға құқығын қамтамасыз ету болып танылады.

 2022 жылғы 1 қаңтарға жалақы бойынша берешек банкрот-кәсіпорын «Ирбис KZ» ЖШС-да 31 қызметкердің алдында 5,6 млн. теңгені құрады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың салдарынан жалақы бойынша берешек толығымен өтелді.

 Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторларының актілері (жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті күшке ие.

Қауіпсіздік техникасын сақтау - бұл жұмыс берушінің қызметкердің өзінің еңбек міндеттерін орындау барысында қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар кешені.

 2022 жылдың 12 айында 153 жазатайым оқиға болды (2021 жылдың 12 айында - 199 жазатайым оқиға), 23,1% - ға төмендеді, онда 180 адам зардап шекті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (12 айда) 24,4% - ға төмендеді (2021 жылы-238 адам), оның ішінде өліммен аяқталған-28 адам (2021 жылдың 12 айында - 37 адам).

Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (резонанстық жазатайым оқиғалар:   «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтадағы апаты, «Құрылысмет» ЖШС трагедиясы) сияқты ірі кәсіпорындарда тіркелген.

 Жүргізілген талдау жазатайым оқиғалардың негізгі себептері жабдықты жаңғырту бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі болып табылатынын көрсетеді (8 шахтаның тек 2 шахтасы ғана жерасты бейнебақылау жүйесін пайдаланады – бұл Қазақстан шахтасы және Т.Күзембаев атындағы шахта), жұмыс берушінің жеткіліксіз бақылауында көрсетілген жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру; өндірістегі жазатайым оқиғалардың ең көп саны 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар қызметкерлермен болады( 42 %); жазатайым оқиғалардың 57% - ы 55 жастан асқан қызметкерлермен болады; барлық жұмыс берушілер міндетті, мерзімді (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерді және қызметкерлерді ауысым алдындағы медициналық куәландыруды (бұл құрылыс саласына көбірек қатысты) және т. б. жүргізе бермейді.

 Өндірістік жарақаттануды төмендету жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасында 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі «Жол картасы» Үкімет қаулысымен бекітілген және Қарағанды облысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы шеңберінде құрылады.

Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша жағдайды жақсарту үшін 19 кәсіпорында тапсырыс берушіден мердігерге дейін тік бақылау енгізілді, сондай-ақ кәсіптік тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесін енгізу мақсатында облыстың 162 ірі кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттарды (OHSAS 18001, ХЕҰ-АҚҚ) енгізді, 10 кәсіпорын Vision Zero бағдарламасына қатысады, 35 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді.

Еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда 1 600 бас техникалық инспектордың қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 1 140 өндірістік кеңес құрылды.

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау және олар бойынша еңбекті қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүргізу мақсатында өндірістік объектілерді аттестаттау жүргізіледі. 393 өндірістік нысан аттестатталды.

Еңбек заңнамасы қызметкерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруды міндеттейді. Бірақ барлық жұмыс берушілер бұл талаптарды орындай бермейді. Басқарма сақтандыру компанияларымен, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, кәсіпорындармен және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.

Жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін «Сенім сертификаты» беріледі. 2022 жылы «Қамқор Вагон» ЖШС «Қарағанды вагон жөндеу депосы» филиалына сетрификат берілді.

Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау мақсатында «Кәсіподақ орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде. Өндірістік жарақаттану мәселелері әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында қаралады, облыс кәсіпорындарымен (салалар бойынша) бірлесіп, сондай-ақ кәсіпорындарды, кәсіподақ орталықтарын және мүдделі мемлекеттік органдарды шақыра отырып, бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу жөнінде тұрақты негізде кеңестер өткізіледі.

Осыған байланысты, Еңбек даулары туындаған кезде, ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қызметкерлердің жұмыс берушіге жүгінуге құқығы бар, олар өз кезегінде дауды қарауға және қабылданған шешім туралы қызметкерлерді хабардар етуге міндетті.

Ұжымдық шарттар ерекше рөл атқарады, Ұжымдық шарттың нормалары өндірістің салалық ерекшеліктері ескерілетін және қызметкерлердің жағдайын жақсартуға, әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін орталықтандырылған ережелерге қосымша ретінде қызмет етеді.

2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мониторингте 5340 Ұжымдық шарт бар, оның ішінде: 135 ірі кәсіпорында (100%), 376 орта кәсіпорында (100%), 4 829 шағын кәсіпорында (22,2%).

Еңбек нарығы белсенді цифрландырылуда. Электрондық еңбек шарттары дәстүрлі еңбек шартының нысанына қосымша опция болып табылады.

2023 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша 25 486 (95,8%) кәсіпорында 415 585 (102,8%) электрондық еңбек шарттары тіркелген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде онлайн тікелей эфирлер өткізудің тиісті кестесі бекітілді, 2022 жылы 16 тікелей эфир өткізілді, онда Интернет қолданушылары онлайн-трансляциялар барысында түсініктемелер қалдырады және бірден жауап алатын қызықтыратын сұрақтар қояды.

 2023 жылы басқарманың басты мақсаттарының бірі, Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын бақылау, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі шараларды күшейту болып табылады.

Қорытындылай келе, азаматтардың еңбек құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттік кепілдіктерін белгілеу, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының мақсаты болып табылатынын атап өткім келеді.