Ағымдағы жылдың 28 қазанында " Еңбек Қоғамына Жалпыға Ортақ " республикалық форумы өтті.

Ағымдағы жылдың 28 қазанында " Еңбек Қоғамына Жалпыға Ортақ " республикалық форумы өтті.

       

         Ағымдағы жылдың 28 қазанында " Еңбек Қоғамына Жалпыға Ортақ " республикалық форумы өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара барысында еңбек ардагерлері мен "Еңбек жолы" республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

          Республикалық комиссияның отырысында "Еңбек жолы" республикалық конкурсының лауреаттары конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары қатарынан іріктелді. Комиссия құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, "Қоғамдық келісім" РММ өкілдері және әлеуметтік серіктестер кірді.

          "Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша үшінші орынды Қарағанды облысынан келген Куриновтар әулеті (жалпы еңбек өтілі 155 жыл) иеленді. Естелік дипломмен және сыйлық сертификатымен марапатталған.

          Жерлестерімізді құттықтаймыз, ұзақ ғұмыр және алдағы еңбек табыстарын тілейміз!