Жұмыс берушілердің назарына!

Жұмыс берушілердің назарына!

         2021 жылғы 12 қазанда ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді, онда жұмыс берушілер ескеруі қажет әйелдердің еңбегін пайдалануға ерекше назар аударылды.
          Мәселен, Еңбек кодексінің 26-бабының 2-тармағынан 4) тармақша алынып тасталды, онда мынадай ережелер белгіленген:
        "Жұмысқа орналасуға жол берілмейді:
        4) әйелдердің еңбегін пайдалану шектелетін жұмыстардың тізіміне сәйкес әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға тартуға құқылы.
         Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау кезінде жұмыс беруші әйелдердің еңбегін қолдану шектелетін жұмыстар тізіміне енгізілген жұмыстарға (кәсіптерге, лауазымдарға) әйелдерді жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдауға құқылы;".
        Бұдан басқа, Еңбек кодексінің 76-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді жұмыс беруші мүгедек балаларды он сегіз жасқа дейін (бұрын - он алты жасқа дейін) тәрбиелеп отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақытта жұмысқа тартуға құқылы емес.
          Заң 2021 жылғы 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.