2021 жылдың 08 қазанында «Сенім сертификаты» ұсынылды

2021 жылдың 08 қазанында «Сенім сертификаты» ұсынылды

         Еңбек қатынастары саласында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттану және қызметкерлердің өтініштерін қарау мәселелері бойынша ерекше назар аударылады.       

         Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы аясында өз мүмкіндіктерін толық көлемде іске асыратын кәсіпорындар «Сенім сертификатын» алуға құқылы.

        Жұмыс берушілердің жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі қызметін декларациялау жұмыскерлердің денсаулығын қорғаудың сапалы деңгейіне қол жеткізу, еңбек өнімділігін арттыра отырып, Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өзара серіктестігі негізінде әлеуметтік әріптестік қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 

        Осы «Сенім сертификаты» Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге 3 жылға шектеу қоюға кепілдік береді.

       Бүгінгі таңда, «Сенім сертификаты», қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкес келетін «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қарағанды локомотив жөндеу депосы» филиалына табыс етілді.

         Тұтастай алғанда, қызметті декларациялау жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтау үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған, бұл жұмыс берушілердің әкімшілік кедергілері мен шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.