"Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі"

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі"

           2020 жылғы 29 маусымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» (бұдан әрі-ҚР Әкімшілік кодексі) қол қойды.          

         ҚР Әкімшілік кодексі 2021 жылдың 01 шілдеде қолданысқа енгізілді.

         2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, атап айтқанда, «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдар өз күшін жойды.

             ҚР Әкімшілік кодексін қабылдаудың мақсаты, жария-құқықтық дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін енгізу және олардың жұмыс істеуі, сондай-ақ біздің азаматтарымызға билік органдарының шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктерді белгілеу болып табылады. ҚР Әкімшілік кодексінің негізгі міндеттері болып әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыра отырып, мемлекеттік басқару саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік сот ісін жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу табылады. Бұл институт әкімшілік әділет деп аталады.

         «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Әкімшілік кодексіне ілеспелі Заңның басты мақсаты, ҚР жекелеген заңнамалық актілерінің нормаларын жаңа кодекстің ережелерімен сәйкестендіру, оны қолдану кезінде туындауы мүмкін құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою болып табылады. Бұдан басқа, құжаттың негізгі міндеті - мемлекеттік басқару салаларында сотқа дейінгі міндетті шағымдану тәртібін, сондай-ақ сот ісін жүргізудің жаңа түрін енгізу.