2021 жылғы 4 маусымда Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі өтті

2021 жылғы 4 маусымда Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі өтті
   
         Ағымдағы жылдың 4 маусымында Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.  
     "Әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу" мәселесі бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы И.Ю. Любарская сөз сөйледі, онда басқарманың еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтарды жедел реттеуге, сондай-ақ әлеуметтік жанжалдардың алдын алуға бағытталған негізгі міндеттері айтылды.
     Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі бірлескен жұмыс үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.