2021 жылғы 29 сәуірде тау - кен металлургия саласының кәсіпорындарымен кеңес өткізілді

2021 жылғы 29 сәуірде тау - кен металлургия саласының кәсіпорындарымен кеңес өткізілді

          Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қауіпті және қолайсыз еңбек жағдайлары салдарынан қаза тапқан, жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жұмысшыларды еске алуға арналған.

          Қызметкерлер үшін жаңа, заманауи және қауіпсіз технологияларды енгізуге қарамастан, жарақаттану айтарлықтай проблема болып табылатын көптеген салалар бар. Тау – кен металлургия саласындағы өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейін ерекше атап өткіміз келеді.

          2021 жылғы 29 сәуірде Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының қатысуымен ZOOM арқылы бейнеконференция ұйымдастырды, онда өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер талқыланды, сондай-ақ кәсіпорындардың басшылары қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тыңдалды.

           Бейнеконференция қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша алдағы бірлескен жұмыс бойынша тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.