11 наурыз 2021 дөңгелек үстел өтті

11 наурыз 2021 дөңгелек үстел өтті

              2020 жылғы жұмыс қорытындыларын талдай отырып, білім беру саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қызметкерлерге қатысты Қазақстан            Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын бұзуға жол береді.

         Осы мақсатта 2021 жылғы 11 наурызда Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы кәсіподақ ұйымдары мен мүдделі мемлекеттік органдарды шақыра отырып, білім беру саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды және өткізілді, онда қызметкерлердің заңда белгіленген мерзімде жалақы, іс-сапар шығыстарын, өтемақы төлемдерін, демалыс, емдік жәрдемақыларды, сондай-ақ қосымша ақыларды алуы сияқты бірқатар проблемалық мәселелер тыңдалды.

           Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді, сондай-ақ одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар әзірленді.