ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ !

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ !
Кәсіподақтар үйінде онлайн және офлайн режимдерінде Қарағанды өңірінің Салалық кәсіподақтарының Аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.
Болат Жұмабеков – Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Үйлестіру Кеңесінің мүшелерін Қарағанды өңірінің әлеуметтік шиеленісу қаупі бар кәсіпорындарындағы жағдай туралы хабардар етті. Кәсіподақтардың пікірінше, жұмыс берушілер жұмысшылардың еңбегін толық бағаламайтын және лайықты еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілмеген бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Әлеуметтік серіктестік шеңберінде тұрақты кәсіподақтық бақылау үшін осы кәсіпорындар кіретін әлеуметтік еңбек тәуекелдерінің кәсіподақтық картасы айқындалды.
Кәсіподақтар Орталығының төрағасы өндірістік жарақаттану, кәсіптік аурулар, өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар деңгейін төмендетуге және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК» өңірлік бағдарламасының жобасы туралы толық айтып берді. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру нәтижесінде жұмыс берушілер облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсарту және қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдайды деп болжануда.
Үйлестіру Кеңесінің мүшелері жұмыс тобының және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының талқылауына «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК» өңірлік бағдарламасының жобасын енгізуді ұсынды.
Болат Жұмабеков Үйлестіру Кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Халық бюджеті» және «30 Еңбек Елшісі» жобаларына Облыстың кәсіподақ ұйымдарының қатысуы туралы хабардар етті.
«Халық бюджеті» кәсіподақ жобасының мақсаты Федерацияның қолдауы көрсетілетін кәсіподақ мүшелерінің бастамаларын айқындау, кәсіподақ мүшелерін шешім қабылдау процесіне тарту есебінен кәсіподақ қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру, Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара бірлескен жұмысты жақсарту болып табылады.
«30 Еңбек Елшісі» кәсіподақ жобасына қатысу үшін барлығы 196 өтінім берілді, оның ішінде 24 өтінім - Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарының жас өкілдерінен (18 жастан 35 жасқа дейін).
Үйлестіру Кеңесінің отырысында Болат Қамзаұлы «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаевке Шахтинск қалалық мәслихатының депутаты болып сайлануына орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құттықтау хатын табыс етті.
Кеңесте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорттың Құрметті қайраткері -Валерий Громов; Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы - Кеңескүл Рахымжанова; «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Республикалық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы - Ноян Бидайбаев; Қазақстандық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды қаласы филиалының төрағасы - Яхия Альмусин; «АрселорМиталл Теміртау» АҚ «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы - Виктор Щетинин; «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы -Евгений Буслаев; Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығының Еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы - Али Абжанов сөз сөйледі.