2021 жылғы 19 ақпанда кездесу өтті

2021 жылғы 19 ақпанда кездесу өтті

         Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі  Басқармасында регресші - шахтерлердің бастамашыл тобының, "Уақыт" ҚБ төрағасы, "Қорғау" көміршілер кәсіподағы өкілінің қатысуымен, мүдделі мемлекеттік органдарды тартумен кездесу өтті.

          Кездесуде өндірістегі еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты бірқатар проблемалық мәселелер, сондай-ақ осы санаттағы бұрынғы қызметкерлерге әлеуметтік көмек көрсету туралы ағымдағы мәселелер талқыланды.

        Бұл проблемалар 2015 жылғы 27 сәуірде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының қолданысқа енгізілуімен туындады.

          Кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мәселелерді одан әрі шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.