Еңбек қатынастарын реттеу арқылы - әр қызметкердің құқықтарын қамтамасыз ету

Еңбек қатынастарын реттеу арқылы - әр қызметкердің құқықтарын қамтамасыз ету

 

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау - бұл азаматтардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын мемлекет белгілеген және құқықтық актілерде бекітілген әдістер мен құралдар.

 Әлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы түрлі бұзушылықтарға жедел ден қою, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу басқарма жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады.

 Еңбек жанжалдарының алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында, мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек ұжымдарындағы, өнеркәсіп субъектілеріндегі дағдарыстық және карантиндік процестердің әсеріне неғұрлым ұшыраған ахуалды тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді. Еңбек жанжалдарына уақтылы ден қою ұйымдастырылды, осы кәсіпорындарда жанжалды жағдайларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Осылайша, Басқарма атына жұмыс берушілер тарапынан ҚР еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша түрлі мәселелер бойынша азаматтардан өтініштер келіп түседі. Осы өтініштердің негізінде мемлекеттік еңбек инспекторлары орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. ҚР еңбек заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда тиісті ден қою шаралары қабылданады.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2019 жылдың 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау 2020 жылдың 01 қаңтардан бастап  2023 жылдың 01 қаңтарға дейін тоқтатылсын.

 Бұл негізде қызметкерлерге сотқа жүгінуге кеңес беріледі, Басқарма сотқа талап арыздарды толтыру кезінде заңгерлік көмек көрсетеді, «ҚР Азаматтық – процестік кодексіне» сәйкес, мамандар ретінде соттарда заңгерлік сүйемелдеу көрсетеді. Жұмыс берушілерге туындайтын еңбек дауларын шешу үшін келісу және татуластыру комиссияларының жұмысын күшейту ұсынылады. Жұмыс берушілерге туындайтын еңбек дауларын шешу үшін келісу және татуластыру комиссияларының жұмысын күшейту ұсынылады. Жасалған ұжымдық шарттарға, Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қамтитын келісімдерге ерекше назар аударылсын. Бұл жұмыста кәсіподақтармен, медиаторлармен және т.б. өзара іс-қимылға ерекше назар аудару қажет.

 Жоспардан тыс тексерулерден басқа, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына қатысты субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау қалыптасады, олар ҚР еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесінің объективті және субъективті өлшемшарттарымен бағаланады.

 Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, шамалы) тексеру парақтарында көрсетілген ҚР еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда белгіленеді;

2) еңбек қызметіне байланысты туындаған жазатайым оқиғалар;   

3) расталған шағымдар мен өтініштердің саны;

4) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;

5) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері.

 Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде бұзушылықтың мынадай дәрежесі берілетін субъективті өлшемшарттар қалыптастырылады, олар: өрескел, елеулі, шамалы.

Осылайша, 2021 жылдың І жартыжылдығында Қарағанды облысы Әкімінің Өкімімен тәуекелі жоғары кәсіпкерлік субъектілеріне жататын 10 ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімі бекітілді:

  1. «№3 АВТОБУС ПАРКІ» ЖШС;
  2. «CENTRAL ASIA CEMENT» АҚ;
  3. «ЦЕНТРПРОМСТРОЙ» ЖШС;
  4. «ӨРКЕН» ЖШС;
  5. «NOVA ЦИНК» ЖШС;
  6. «АК АЛТЫНАЛМАС» АҚ АҚТОҒАЙ Ф-ЛЫ;
  7. «KAZAKHMYS SMELTING (КАЗАХМЫС СМЭЛТИНГ)» ЖШС;
  8. «KAZAKHMYS COAL» (КАЗАХМЫС КОАЛ) ЖШС;
  9. «ТЭМК» АҚ;
  10. «ТЕПЛОТРАНЗИТ КАРАГАНДА» ЖШС.

Профилактикалық бақылаудың негізгі міндеттері бақылау субъектісінің құқыққа қарсы мінез-құлқының себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың құқықтық салдарын түсіндіру және бақылаудағы субъектінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқының қажеттілігіне сендіру болып табылады.

 Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жұмыс берушілерді ҚР еңбек заңдылығы талаптарын сақтауға және жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзбауға шақырамыз.