Ұжымдық шарт

Ұжымдық шарт

Қарағанды облысының ұйымдары мен кәсіпорындары басшыларына !

              Еңбекті жергілікті реттеудің негіздері арасында Ұжымдық шарт басым орын алады, Ұжымдық шарттың нормалары орталықтандырылған бұйрықтарға қосымша ретінде қызмет етеді, бұл ретте өндірістің салалық ерекшеліктері ескеріледі,  сонымен қатар, ұжымдық шарт жасау арқылы заңнамамен тікелей енгізілуге ұйғарылған мәселелер ғана емес, сондай-ақ қызметкерлердің жағдайын жақсартуға, еңбек заңнамасымен, әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін мәселелер де реттеледі.

             Осылайша, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің» 157-бабы 2-тармағына сәйкес, ұжымдық шартқа жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, өндіріс тиімділігін арттыру, өндірістік жарақаттануды азайту мәселелері бойынша, еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы, жұмыскерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы, жұмыскерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың демалысы туралы, Кәсіптік одақ органдарына сайланған жұмыскерлерге кепілдіктер туралы, жұмыскерлерді сақтандыру туралы, Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы, ұжымдық шартты орындау үшін тараптардың жауапкершілігі және тараптар айқындаған басқа да мәселелер кіреді.

          Өндірістік қатынастардың объективті жағдайында ұжым ішінде, еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында байланыстардың пайда болуы сөзсіз, онда мұндай қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер қабылдаған жергілікті актілер жүйесі (жұмыс берушінің бұйрықтары, ішкі еңбек тәртібі ережелері және т.б.) қолданылады. Осыған байланысты ұжымдық шарттың жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерін, сондай-ақ оларды әлеуметтік қорғауды келісу құралы ретіндегі маңызды рөлі атап өтіледі.

          Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Сізге 2020 жылғы 4 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ұжымдық шарттар жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, қолданыстағы ұжымдық шарттарды қайта қарауды ұсынамыз.