2021 жылғы 19 қаңтарда Басқармада кездесу өтті

2021 жылғы 19 қаңтарда Басқармада кездесу өтті

         

        Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысының еңбек инспекциясы бойынша Басқармасында регрессші - шахтерлердің бастамашыл тобының, "Уақыт" ҚБ өкілі, "Казуглепроф" көміршілер салалық кәсіподағының төрағасы, "Қорғау" көміршілер кәсіподағының төрағасы, мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР азаматтық заңнамасы шеңберінде зиянды өтеу, Регресшілерге жолдамаларды төлеу,регресстік төлемдерді индекстеу, санаторийлік – курорттық емдеуді ұсыну және т. б. мәселелер талқыланып, қаралды.

          Кездесу қорытындысы бойынша осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.