
Қарттар күні қарсаңында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қызметкерлері мемлекеттік еңбек инспекциясы саласында еңбек етіп, кәсіби қызметінің елеулі бөлігін мемлекеттік қызметке және еңбек қатынастары саласына арнаған әріптестері – еңбек инспекциясының ардагерлеріне барды.
Кездесу барысында Әлиева Роза Ембергенқызына, Әбілдин Сергей Арынұлына және Черный Василий Васильевичке арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.
Департамент қызметкерлері ардагерлерге мерекелік жылы лебіздерін білдіріп, олардың көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және мемлекеттік еңбек инспекциясының дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғыстарын жеткізді. Құрмет пен ілтипаттың белгісі ретінде ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.
Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті. Әріптестер бірге қызмет атқарған жылдарын еске алып, кәсіби тәжірибелерімен және жақсы естеліктерімен бөлісті.
Ардагерлер Департамент қызметкерлеріне көрсеткен көңілдері мен қамқорлықтары үшін алғыстарын білдіріп, өздері үшін әрдайым есте болып, байланыс үзілмегенінің ерекше маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде олар жас инспекторларға кәсіби қызметтерінде табыс, сабырлылық, парасаттылық және жұмыстарына одан әрі жетістіктер тіледі.
Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың маңызды бөлігі болып табылады. Олар тәжірибелі мамандар мен жас қызметкерлер арасындағы байланысты сақтауға, кәсіби білім мен мемлекеттік қызмет дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті Департамент ардагерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, отбасылық жылулық және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейді!