ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Мемлекеттік еңбек инспекторы Жулдыз Отиншина  «Ер Тай» ЖШС қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау, сондай-ақ еңбек заңнамасы талаптарын мүлтіксіз орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қызметкерлерге еңбек қатынастары саласындағы заңнаманың негізгі талаптары, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі қағидаларын сақтаудың қажеттілігі түсіндірілді.

Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеуге және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.