
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Әсем Касымова әлеуметтік-еңбек саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат оның кәсібилігінің, көпжылдық адал еңбегінің, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесінің лайықты бағасы болды.
Әсем Сайранқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, кәсіби қызметінде толағай табыстар мен ел игілігі жолындағы еңбегіне жаңа жетістіктер тілейміз!