ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛАЙ САҚТАЙДЫ? Бұл сұраққа мемлекеттік еңбек инспекторлары мен полиция қызметкерлері профилактикалық рейд барысында мәселесін қарастырды

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛАЙ САҚТАЙДЫ? Бұл сұраққа мемлекеттік еңбек инспекторлары мен полиция қызметкерлері профилактикалық рейд барысында мәселесін қарастырды

2026 жылғы 1 шілдеде мемлекеттік еңбек инспекторлары Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Дана» қоғамдық тамақтану орнында, «Думан» мейрамханасында, «Вип Кабинет» караокесінде, «Original Doner» сауда павильонында, «Корзина» сауда үйінде, сондай-ақ «Qazаaq Oil», «Gaz Oil» және «Helios» жанармай құю станцияларында профилактикалық рейд жүргізді.

Рейд барысында жұмыс берушілермен және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ жасөспірімдерді еңбек қызметіне тарту кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг нәтижесінде кәмелетке толмағандарды ауыр жұмыстарға тарту фактілері анықталған жоқ.

Сонымен қатар, «Дана» қоғамдық тамақтану орнында 16 жастағы қыздың, ал «Думан» мейрамханасында 16 жастағы жасөспірімнің еңбек шартын жасаспай еңбек қызметін атқарып жүргені анықталды.

Жасөспірімдердің айтуынша, олар аталған нысандар иелерінің туыстары болып табылады, көмек көрсету мақсатында алғашқы күні жұмысқа шыққан.

Аталған фактілерге байланысты жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, атап айтқанда қызметкермен міндетті түрде еңбек шартын жасасу, кәмелетке толмағандар үшін қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығын белгілеу, сондай-ақ оларды ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарға тартуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы мәселелер бойынша тиісті профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.