ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АХМЕТОВ М.А. «БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕМАЛЫСТА ЖҮРГЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, СОНДАЙ-АҚ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ЕҢБЕК КЕПІЛДІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жүкті әйелдерге берілетін кепілдіктер, жүктілікке және босануға байланысты демалыс беру, еңбек шартын заңсыз бұзудан қорғау, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыста жүрген жұмыскерлердің құқықтарына қатысты негізгі нормалар түсіндірілді.

Сонымен қатар, бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде жұмыс орнының (лауазымының) сақталуы, жұмысқа мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігі және еңбек құқықтары бұзылған жағдайда өтініш білдіру тәртібі жөнінде түсіндірме берілді.