ОНЛАЙН-ЭФИР: ӘЙЕЛДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ

ОНЛАЙН-ЭФИР: ӘЙЕЛДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ

2026 жылғы 19 маусымда әлеуметтік желілердегі тікелей онлайн-эфирлерді өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Қасымова А.С. «Әйелдер еңбегі және отбасылық міндеттері бар тұлғалардың еңбегі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.

Эфир барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген әйелдердің және отбасылық міндеттері бар тұлғалардың еңбегін реттеуге, олардың еңбек құқықтарын қорғауға және қосымша кепілдіктер ұсынуға қатысты негізгі нормалар қарастырылды.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің әйелдердің еңбек қызметінің ерекшеліктерін, еңбек және отбасы міндеттерін қатар атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктерді, жүктілікке және босануға байланысты демалыстарды, бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстарды ұсыну тәртібін, сондай-ақ заңнамада белгіленген өзге де әлеуметтік кепілдіктерді реттейтін талаптары түсіндірілді.

Онлайн-эфир аясында жұмыс орнын сақтау кепілдіктері, еңбек жағдайларын өзгерту мәселелері, бала күтіміне байланысты уақыт беру тәртібі, сондай-ақ отбасылық міндеттері бар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тетіктері қарастырылды. Қатысушыларға бұзылған еңбек құқықтарын қорғау бойынша өтініш беру тәртібі және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.

Осындай онлайн іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген еңбек және әлеуметтік кепілдіктер туралы азаматтарды ақпараттандыруға, сондай-ақ еңбек құқықтарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды нығайтуға ықпал етеді.