Қарағанды облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті

Қарағанды облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті

2026 жылдың 18 маусымда Қарағанды облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті регрестік төлемдерге құқығы бар қызметкерлердің мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, еңбек қызметінің салдарынан денсаулығына зақым келген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды.

 Қатысушылар регрестік төлемдер, емделу және шипажайлық-курорттық сауықтыру шығындарына өтемақы төлеу, арнайы әлеуметтік төлемдер мәселелері, сондай-ақ кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан қызметкерлердің құқықтарын реттейтін заңнаманың жекелеген аспектілерін талқылады.

Өндірісте зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, сақтандыру ұйымдарының және қызметкерлер өкілдерінің өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Кездесу қорытындысы бойынша құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіруге және қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Барлық мүдделі тараптар арасында сындарлы диалогты жалғастыру және қаралып отырған мәселелер бойынша келісілген шешімдер әзірлеу қажеттігі атап өтілді.