
2026 жылғы 10 маусымда Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Қасымова А.С. «SARYARQA» телеарнасындағы «Ойталқы» ток-шоуының эфиріне қатысып, «Жастардың жазғы жұмыспен қамтылуы және масылдық мәселесі» тақырыбында пікір білдірді.
Бағдарлама барысында жастардың жазғы кезеңдегі еңбекпен қамтылуының өзекті мәселелері, кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, сондай-ақ жасөспірімдерді еңбек қызметіне тарту кезінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.
Еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу, кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар эфирге қатысушылар NEET санатындағы жастардың проблемаларын, әлеуметтік желілердің еңбекке деген көзқарасты қалыптастыруға әсерін, сондай-ақ жастар арасында масылдық көңіл-күйдің таралу себептері мен оны еңсерудің ықтимал жолдарын талқылады.
Өз сөзінде Қасымова А.С. кәмелетке толмағандардың еңбегін реттейтін еңбек заңнамасының негізгі нормаларын түсіндіріп, жас жұмыскерлердің құқықтарын сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ жастар мен жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттырудың маңыздылығына назар аударды.
Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына қатысу халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, еңбекке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және жастар арасында заңды жұмыспен қамтуды насихаттауға ықпал етеді.