Қауіпсіз еңбек – ортақ жауапкершілік

Қауіпсіз еңбек – ортақ жауапкершілік

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету, кәсіптік тәуекелдердің алдын алу және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Мәди Исламұлы Әлжанның төрағалығымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы кәсіби тәуекел деңгейі жоғары салалардың бірі болып саналатын құрылыс саласындағы өндірістік жарақаттанудың алдын алу және оны төмендету мәселелері болды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Қатысушылар өңірдегі құрылыс нысандарындағы өндірістік қауіпсіздіктің қазіргі жай-күйін, жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған шараларды талқылады.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуының алдын алу, жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін дамыту, қызметкерлерді оқыту және кәсіптік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өндірістік жарақаттану деңгейін тиімді төмендету және әрбір жұмыскер үшін қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыру мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлескен күш-жігері арқылы ғана мүмкін екенін атап өтті.

Еңбек қауіпсіздігі әр адамның жауапкершілігінен басталып, еңбек қатынастарының барлық қатысушыларының ортақ іс-қимылының нәтижесіне айналады