Еңбек қатынастарының ашықтығы – жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудың кепілі. «SARYARQA» телеарнасына берген сұхбатында Департамент басшысы Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) мәліметтер енгізу тәртібін түсіндіріп, жұмыс берушілерге заңнама талаптарын сақтамағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салды

Сұхбат барысында еңбек заңнамасындағы өзгерістер талқыланды. Атап айтқанда, жұмыс берушілер қызметкерлер туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) уақтылы енгізуге міндетті екендігі атап өтілді. Мәліметтерді уақытында енгізбегені немесе мүлде енгізбегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгендіктен, осы мәселеге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар сұхбатта жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру мәселелері сөз болды. Ұйым басшысы жасөспірімдерді жұмысқа қабылдау кезінде заңнама талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және олардың еңбек құқықтарын қорғау қажеттігін еске салды.

Сұхбат жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қатынастарын ресми ресімдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуын арттыруға, қызметкерлер туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) уақтылы енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын сақтауға бағытталды.