🔹 Қарағанды облысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

🔹 Қарағанды облысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

📊 2026 жылдың 4 айында өңірде өндірістік жарақаттанудың 37 фактісі тіркеліп, 39 адам зардап шекті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға төмендеді.

⚙️ Кәсіпорындарда келесі профилактикалық шараларға ерекше назар аударылуда:

▪️ өндірістік бақылауды күшейтуге;
▪️ өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың жұмысына;
▪️ кәсіби тәуекелдерді бағалау жүйелерін енгізуге;
▪️ өңірдегі ірі кәсіпорындарда жабдықтар мен технологияларды жаңғыртуға.

🤝 Қауіпсіз еңбек — жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ жауапкершілігі.
Еңбекті қорғау талаптарын сақтау және уақтылы профилактика өндірісте адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

📌 Еңбек заңнамасын жетілдіру және қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту аясында жаңа нормалар мен талаптар енгізілді:

🔹 жұмыс берушілер еңбек шарттары туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерге енгізуге міндетті. Бұл еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етіп, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді;

🔹 өндірістегі жазатайым оқиға кезінде қызметкердің кінә дәрежесі 25%-дан аспауы тиіс деп белгіленді. Бұл жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жауапкершілігін күшейтуге бағытталған;

🔹 еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық шарттармен алмастыруға заңнамалық түрде тыйым салынды. Бұл қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдіктерінің бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

🛡️ Еңбекті қорғау саласында қабылданып жатқан шаралар:

✔️ еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәсіпорындарға профилактикалық бақылау жүргізілуде;

✔️ 2026 жылдың басынан бері 4 кәсіпорын тексерілді;

✔️ тексерулер барысында еңбекті қорғау талаптарының 38 бұзушылығы анықталды;

✔️ әрбір жазатайым оқиға бойынша қайталануына жол бермеу үшін профилактикалық шаралар әзірленуде;

✔️ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды;

✔️ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша тұрақты түрде кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.