
2026 жылғы 14 мамырда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы С.С. Қойлыбаева «Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға тыйым салу және шектеу қою» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.
Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ еңбек шартын жасау, жекелеген санаттағы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау кезінде тыйымдар мен шектеулерді белгілеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер қарастырылды.
Қатысушыларға еңбек шартын жасауға жол берілмейтін немесе шектелетін жағдайларға қатысты заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдау кезінде белгіленген тыйымдар мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндеттері, еңбек қатынастарын рәсімдеу тәртібі және еңбек заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері қаралды.
Тыңдаушылар жұмысқа орналасу кезіндегі азаматтардың құқықтары, еңбек саласында кемсітушілікке жол бермеу кепілдіктері, сондай-ақ еңбек құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау тетіктері туралы толық ақпарат алды.
Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттеу мен жұмысқа орналастыру кезіндегі заңдылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.