
2024–2026 жылдарға арналған білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу жөніндегі әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісім аясында аудандық және қалалық филиал төрағалары, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін тәжірибе алмасуға бағытталған облыстық практикалық семинар өтті.
Семинарға мемлекеттік еңбек инспекторы Касымова Әсем Сайранқызы қатысып, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Қатысушылар білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау нормаларын қолданудың маңызды өзгерістері мен тәжірибелік қырларын талқылауға мүмкіндік алды.
Семинар ашық диалог, кәсіби пікір алмасу және тәжірибе бөлісу форматында өтті. Әрбір қатысушы өз ұйымының тәжірибесімен бөлісіп, жұмыс барысында туындайтын мәселелерді талқылап, облыстың аудан-қалаларындағы әріптестердің үздік тәжірибелерімен танысты.
Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, оның тәжірибелік маңызы мен өзектілігін ерекше атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар еңбек құқықтарын қорғау және білім беру саласы қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы алдағы жұмыстарда қолдануға болатын мазмұнды әрі пайдалы ақпарат алды.