Еңбекті қорғау саласындағы тәсілдер қалай өзгеріп жатыр және жаңа жағдайларда жұмыс берушілер қандай практикалық қадамдар жасауы тиіс — осы мәселелер құқықтық сауаттылықты арттыруға және еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуінің негізгі тақырыптарына айналды

Еңбекті қорғау саласындағы тәсілдер қалай өзгеріп жатыр және жаңа жағдайларда жұмыс берушілер қандай практикалық қадамдар жасауы тиіс — осы мәселелер құқықтық сауаттылықты арттыруға және еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуінің негізгі тақырыптарына айналды

Талқылау орталығында — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 28 желтоқсандағы №1057 бұйрығына енгізілген өзгерістер («Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»), сондай-ақ кәсіпорындардағы кәсіби тәуекелдерді бағалаудың заманауи тәсілдері болды.

Іс-шараның спикері ретінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Біріңғай оқу-әдістемелік орталығының өңірлік үйлестірушісі Омарова Ардақ Тлеужанқызы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында нормативтік талаптарға енгізілген өзгерістердің мәнін жан-жақты түсіндіріп, олардың практикалық маңызын атап өтті және бүгінгі таңда кәсіби тәуекелдерді бағалау формальды рәсім емес, еңбек қауіпсіздігін басқарудың негізгі құралы екенін ерекше атап көрсетті.

Өндірістік объектілерді сапалы әрі уақтылы аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ қауіпті және зиянды факторларды жүйелі түрде анықтау өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың деңгейін төмендетуге тікелей әсер ететініне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты жұмыс берушілерге еңбекті қорғау мәселелерінде реактивті тәсілден проактивті тәсілге көшу, тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажеттілігі айтылды.

Кездесуге қатысқан мемлекеттік еңбек инспекторлары ұсынылған ақпараттың тәжірибелік маңыздылығын және құқық қолдану тәжірибесі үшін өзектілігін атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай түсіндіру іс-шаралары еңбек заңнамасының сақталу сапасын арттыруға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесуді өткізу мемлекеттік органдар мен сараптамалық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға және өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға ықпал етті.