
2026 жылдың 29 сәуірде әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы С.А. Еркебекова «Балалар еңбегі және мәжбүрлі еңбекке жол бермеу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.
Эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ кәмелетке толмаған қызметкерлердің құқықтарын қорғау және мәжбүрлі еңбектің алдын алу мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер қарастырылды.
Қатысушыларға балалар еңбегі ұғымы, кәмелетке толмағандарды жұмысқа тартудың рұқсат етілген шарттары, шектеулер мен тыйымдар, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Тыңдаушылар балалардың құқықтары мен жұмыс берушілердің міндеттері, сондай-ақ балалар еңбегін пайдаланудан қорғау және еңбекке мәжбүрлеу тетіктері туралы толық ақпарат алды.
Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіруге ықпал етеді.