
Қушоқы кентінде «Куу-чек» кен өндіру кәсіпорнының қызметіне қатысты кеңес өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Медеу Ахметов қатысты. Жиынға аудан әкімі Ерлан Құсайын төрағалық етіп, аудан прокуроры, аудандық мәслихат төрағасы, салалық бөлім басшылары және кәсіпорын өкілдері де қатысты.
Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек мәселелері, сондай-ақ оны өтеу бағытында қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Сонымен қатар кәсіпорынның қазіргі жағдайы мен өндірісті тұрақтандыру мәселелері қаралды.
Уәкілетті органдар еңбек заңнамасының талаптарын және қызметкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндірді. Жиын қорытындысы бойынша жалақы берешегін өтеуді бақылауды күшейту және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.