Егіс науқаны мен құрылыс маусымының басталуына байланысты еңбекке мәжбүрлеуді болдырмауға ерекше назар аудару қажет

Егіс науқаны мен құрылыс маусымының басталуына байланысты еңбекке мәжбүрлеуді болдырмауға ерекше назар аудару қажет

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбекке мәжбүрлеуге тыйым салынады. Еңбекке  мәжбүрлеу деп қызметкердің ерікті келісімінсіз, қандай да бір жаза қолдану қаупімен жұмысты орындауы түсініледі.

Еңбекке  мәжбүрлеуге мыналар жатады:

– еңбек шартын жасаспай жұмысқа тарту;

– қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттарын ұстап қалу;

– қызметкердің еңбек қатынастарын тоқтату құқығын шектеу;

– еңбек шартында көзделмеген жұмыстарды орындауға мәжбүрлеу.

Жұмыс беруші:

– еңбек шартын жазбаша түрде жасауға;

– жалақыны уақтылы және толық төлеуге;

– қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

– қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауға міндетті.

Еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау – белсенді маусымдық жұмыстар кезеңінде заңды әрі тиімді қызметтің кепілі.

Егер сіз құқық бұзушылықтардың куәсі болсаңыз, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгініңіз немесе 8 (7212) 43-20-84 нөміріне хабарласыңыз.